Қазір Әзірет Сұлтан музей қорығында ауқымды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Мұндағы 18 нысан қайта жаңғыртылады. Оның қатарында Рабия Бегім сұлтан мавзолейі, Хан ордасы, Күлтөбе қалашығы секілді тарихи ескерткіштер бар. Мұнан өзге Ясауи мавзолейінің маңы Ботаникалық баққа айналады. Бұл бақта жеміс ағаштары отырғызылады. Ата бабаларымыз қоныстанған этноауыл салынады. Ал, Күлтөбе қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады.

НҰРЛАН БЕКБЕРГЕНОВ - «ҚАЗРЕСТАВРАЦИЯ» РМК ӨКІЛІ  
«Біздің мақсатымыз- кесенедегі көне кірпіштер мен өрнектерді қалпына келтіру. Бұл жұмыстар барысында нысанның тарихи бейнесі өзгермеуін қатаң бақылаймыз. Бұл жерде өте мұқият жұмыс істеп жатырмыз. Реставрация жұмыстары  ЮНЕСКО бақылауында