Келес ауданы өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемін арттырып келеді. Бұл көрсеткіш 2020жылдың 9 айында49 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6 млрд теңгеге артты. Оның ішінде ауыл шаруашылығының үлесі 70%.Егін шаруашылығы бойынша 800 гектар егістік алқап айналымға қосылды.
Ақментай Есбаев-Келес ауданының әкімі
Ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім көлемі 34,7 млрд.тг құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 105,6%-ға артты. Оның ішінде малшаруашылығы 104,4%-ға, өсімдік шаруашылығы 106,5%-ға жетті.
Келес ауданы шөлейтті келеді. Көп ауылдарда жерасты су көздері тартылған.Сондықтан ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші төмен.Газдандыру мен эектр желілерін тарту бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуы керек.
Ақментай Есбаев-Келес ауданының әкімі
Елді мекендерге шаққанда табиғи газбен қамту үлесін 63,7%, ауыз сумен қамту бойынша 60,7% болса, жыл соңына дейін 70,8%-ға жету көзделуде.Сапалы электр қуатымен қамтуда 65% болса, жыл соңына дейін 73,4%-ға жету жоспарлануда.
Осындай кемшіліктерді жою үшін қазір аудандаауыз сумен қамтуда - 12 нысан, табиғи газбен қамтуда - 6 нысан, сапалы электр қуатымен қамтуда - 4 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Ал, әзірге ауыз суы жоқ елдімекендерге тіршілік нәрі тасымалдануда.
Н.Кенжехан