Мерекелік жиында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі барлық жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсырып, оларды Түркістан қаласында жұмыс істеуге шақырды. Биыл Түркістан қаласының облыс орталығы болуына орай 300 жас маманға «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмыс ұсынылып отыр. Оған облыстық бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді.