Түлектердің  жүректері бүгін ерекше соғып тұр. Себебі, 4-5 жыл күткен армандары орындалып, өздері аңсаған мамандыққа қол жеткізді. Салтанатты шарада диплом алған жастар ерекше әсерге бөленді.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 5,5 мың студент тәлім алады. Білім ұясы 29 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Бакалаврлар білімін жетілдіру үшін алысқа сандалмай, осы оқу орнындағы  магистратурада оқи алады.

Жаңа өмірге жолдама алған жастарға университет басшылығы ақ тілегін білдірді. Білім ұясында сіңірген ілімдерін  жаңа өмір жолында пайдаға асыратынына сенім білдірді. Даңғыл жолға қадам басқан жастардың алар асуы биік болсын!

К. ДҮЙСЕНБІ