Жоғары оқу орындары үшін биылғы жолдаудың жөні бөлек.Себебі, ел дамуын айқындаған жаңа құжат елдегі білім ошақтары арасындағы бәсекелестікті арттырып, жұмыс сапасын жақсартады. Ендігі жерде оқу орындары бұрынғыдай тек маман даярлап ғана қоймай оның жұмысқа орналасуы мен жоғары жалақыға қол жеткізуіне де ықпал етуі тиіс. Өйткені, бұдан былай жоғары оқу орындарының деңгейі сол арқылы анықталатын болады.
Әбдіманап Бектұрғанов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Жолдаудағы үлкен талаптардың бірі мынау жоғары оқу орынын бітіріп жатқан кадрлар ол мынау біздің экономикамызға қажеттілігімізге әр саланың қажеттілігіне қарай кадр дайындауымыз керек. Егер ол кадрлар еңбек нарығына қажет болмайтын болса, онда ол мамандықтардың лицензиясы қайтарып алынатын болады.
Жоғары оқу орындарына жоғары талап қойған жолдауда жастар мәселесіне де жақсы көңіл бөлінген. Бұл өз кезегінде елдегі белсенді жас буынның белсенділігін одан сайын арттырып отыр. Ол туралы, оқу орнында өткен кездесу кезінде сөз алған студент жастар мәлімдеді. Мәжілісмен мен болған басқосуда шәкірттерде өздері тарапынан жолдауға сай жоспар құрылғанын жеткізді.
Диас Бекпаев – Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ студенттер кеңесінің төрағасы
Келесі жылы Елбасы тарапынан жастар жылы деп жарияланды. Бұл жаңалық біз үшін өте қуанышты себебі көптеген мақсаттарға жетуімізге мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар Елбасының кез-келген жолдауы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға негізделген.
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту Елбасы назарынан ешуақытта да тыс қалған емес. Ендігі міндет жолдауға сай жұмыла істеу керек. Кезекті жиындағы қорытынды ой - осы.