Облыстық басқарма басшысының айтуынша қазір мектеп директорларының көп уақыты білім ошағының шаруашылық жағын реттеуге кететін көрінеді. Сондықтан алдағы уақытта білім ұяларындағы асхана мен шаруашылық бөлімін аутсорсингтік басқаруға беру мәселесі қарастырылып жатыр. Егер сол ұсыныс мақұлданатын болса, келешекте мектеп басшылары тек білім мәселесіне ғана бас ауыртатын болады. Сонымен қатар биылдан бастап өңірдегі мектептердің материалдық базасын нығайтуға басымдық берілмек.  Себебі біздегі көп білім ошағының қазіргі қажетті құрал-жабдықтармен қамтылу көрсеткіші төмен.  

Рақымбек Жолаев – Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы

Қазір біраз мектептерде осыдан 10 жыл бұрынғы Пентиум4 компьютерлері тұр.Оның жұмыс істеу уақыты 2 жыл. Сондықтан олар бір күн істесе 10 күн істемей тұрады. Интерактивті тақталарға қатысты да солай. Ескірген. Соларды жаңартуымыз керек.  

Сонымен қатар ендігі жерде білім саласына қатысты жаңалықтардың барлығы алдымен Түркістандағы мектептерге енгізілетін болады. Ол деген сөз енді облыс орталығындағы мектептерге талап күшейеді. Ал, облыс орталығындағы мектептердің қазіргі тынысына тоқталсақ... Тұран  төріндегі мектептерде соңғы уақытта бала санының шектен тыс артқаны аңғарылады. Қалалық білім бөлімінің басшысы берген ақпартқа сүйенсек қаладағы үш бірдей мектептеің үш ауысымға көшу қаупі жоғарылаған.

Ақмарал Батырбекова – Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы

М. Жұмабаев мектеп-гимназиясында қазір бір мектептегі оқушылар саны 35 жетіп отыр. Сонымен қатар, Хамза жалпы орта мектебі тағы бір мектебімізде бала саны артып отыр. Соңғы уақытта қалаға шеттен келіп жатқан оқушылар саны өте көп.

Осындай тапшылықты сейілту үшін бүгіндеТүркістанда  900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонда  мектеп жетіспеушілігі шешіліп, тек білім сапасын арттыру мәселесіне  басымдық берілетін болады.    

М. ЖАРЫЛҚАСЫН