Ерекше қорғалатын табиғи орталыққа  мамандар арнайы көңіл бөлген. Діңгек жайған ағаштарды  себепсіз бұтақтау заңмен қудаланады. Алайда мұндағы ағаштарды кесудің себебі айқын. Саябақтың  жасанды орманнан тұратыны баршамызға аян. Демалыс орнының асты қоқыс горизонты. Топырақтары соған сай,  өте  жұмсақ. Ағаштар тамыр жайып  өскенде діңгегі қоқыс горизонтына жетеді. Шірігенде құлау қаупі өте жоғары. «Келген қонақтардың амандығын сақтау мақсатында шіріген ағаштарды кесуге мәжбүр болдық»,- дейді мамандар.

Ақнұр Шүлембаева - ғылыми монитор және  молайту бөлімінің басшысы

Бұл жердегі ағаштарды кесілуі жайлы айтар болсам, бұл ағаштар бір бірімен тығыз орналасқан, күн сәулесінің түсуі  төмен болғандықтан ағаштар қурауға келген. Сол ағаштардың зиянкестердің көзі болғандықтан,  Біз де орман потологы бар, солардың келісімімен зерделеу жұмыстары жүргізілуі нәтижесінде , акт жасап, кесуге рұқсат берілген.

Ал, саябақтың жаңа кейіпке енетіні рас. Көпшіліктің сұранысына ие болған демалыс орнына қолжетімді тамақтану орындары ғана жетіспейтін көрінеді.

Мөлдір Үсембаева - Дендросаябақтың заңгері

Келушілердің 80 %  дендросаябақтың аумағында су , тағамдар, қолжетімді  бағамен  сауда дүңгіршіктері жұмыс жасағанын қалайтыны анықталды.

Бой көтергелі жатқан ЭКО зона  барлық талаптарды қамтитын болады. Шеге қағылмайды. От жағылмайды. Табиғатқа залалымыз тимейді, деп сендірді сондағы құрылысқа жауапты кәсіпкер.

Әйгерім Аңламасова - кәсіпкер

Біздің бастағанымызға 1 аптадан асқан жоқ, ешқандай жұмыс жасауға мүмкіндік берер емес. Тарап жатқан ақпараттар жалған. Біз бұл жерде ешқандай тал кескен жоқпыз. Біздің проект бойынша бұл жер ЭКО зона. Бұл жерде барлығы табиғи болады\\01:31 - 02-10\\\\\\\Қаланың жастары мен үлкен адамдары да демала алатын үлкен зона жасаймыз. Оң жағына орындық қойылады. Ол жерге настольный игралар болады. Шахмат, тенис, домино болады. Мына жаққа пикник зона жасалды

Айта кету керек, Роза Байсариеваның жан айқайы жайлы  сол жердің қызметкерлерінен бір ауыз сұрап көрдік. Білуімізше табиғат жанашыры осы жерде бұрын қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан. Жасыратыны жоқ,ол кісінің аты аталғаннан қызметкерлердің шашы тік тұрып, ашуға мінді. Жапқан жаласы орынсыз, дейді мұндағылар.

Оразкүл Медеубаева – аула сыпырушы

ол кісініңкі ұят болды. 60 келіп зейнет жасына келіп Біз де 2 жылдай істеді. Құрметпен сыйлап жүрдік. Соңғы кезде ізімізге түсіп алып бірталай әңгіме айттыАрандатушылық. 2-3 ай бұрын қыздарға келіп арандатқан. Журналист: Ол кісіге не керек? Ол кісіге осы жерді басқарып ақша алу керек басқа ештеңе керек емес.

2015 жылы орман шаруашылығы дендросаябақта  инвентарезация жұмыстарын жасаған. Сол кезде пайыздық өлшеммен  ағаштардың өмір сүру дәрежесін бөлген.  7.9 % кесілуге нақты келетін, 12% әлсіреген талдар. Содан бері бірнеше жылдың жүзі өтті. Мамандар «әлі талай ағашты кесуге тура келетіндігі өкінішті»,- деп қынжылды. 

 

Ақниет Аманхан