Бүгінгі таңда 4 ауысыммен бала қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерьлерде 15 мыңнан астам оқушы тынықты. Тағы 17 мыңға жуық бала оқу басталғанға дейін аталған лагерьлерде демалады. Бұдан бөлек, 905 мектеп жанындағы лагерьде 193 мыңнан астам оқушы жазғы уақытын тиімді өткізді. Бұл - өңірдегі оқушылардың 32,2 пайызы. Сонымен қатар, облыстағы бес балалар үйінің 350-ге жуық тәрбиеленушісі жаз бойы Түлкібас ауданындағы «Самал» лагерінде сауық-сайран құрды. Дос арттырды. Білім түйді. Бұған қоса, жаз бойы балаларды экскурсия, саяхатқа апару жұмысы да жалғасын табуда. Мәселен, республикалық «Өлкетану» акциясы аясында 200 бала Астана қаласына саяхаттап қайтты. Ал, туған елдің мәдениеті мен тарихын неғұрлым терең зерделеу, тарихи орындардың алуан түрлілігі мен ерекшеліктері туралы білім алу мақсатында шілде айының 2-сі мен 9-ы аралығында облыстан 70 оқушы Қостанай облысы Арқалық қаласына сапар шекті. Өңірдің тарихи мұражайларына үш күндік керуен-шеруі акциясы өткізілді. Оған облысымыздан аз қамтылған отбасыдан шыққан 150 оқушы қатыстырылды. Бұл – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асты.
П.БИНАЗАРҚЫЗЫ