Айбек үшін бүгін ерекше күн. Талайдан бері талмай ізденіп, өз қолымен жасап шығарған дүниелерін өзгелерге паш етіп, таныстырды. Көрмеге қойылған туындыларының дені –ағаштан. Ұлттық аспап түрлері мен ыдыс-аяқ және үй жиһаздарының неше түрі көрмеге келгендердің көңілінен шықты. Құдды бір кәсиби шебердің қолынан шыққандай-ақ.
Мейірбек Сыдықов – студент
Ұлттық өнерді жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін университетте арнайы факультет жұмыс істейді. Ол музыкалық білім және кәсіптік оқыту деп аталады. Он саусағынан өнер тамғандар мен көмейіне бұлбұл ұялаған болашақ әншілер де осында.
Айдайқыз Байтанаева – ОҚМПУ музыкалық білім және кәсіптік оқыту кафедрасының деканы
Шәкірттердің шығармашылық көрмесіне адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институтының өкілдері арнайы қатысты. Елордалық қонақтар жай келмепті. Екі жақты әріптестік меморандум түзілді.
Иса Самсаев - Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты директорының орынбасары
Көрменің ашылу салтанатында сөз алған білім ордасының ректоры дарынды студенттердің жұмысына оң баға берді.
Гүлжан Сүгірбаева – ОҚМПУ ректоры
Оқу орда басшысы қандай саланың маманы болса да, өнер туындыларын тамашалау – оның жан жақты қалыптасуына, рухани өсуіне септігін тигізетінін тілге тиек етті. Ал, оқып, білім алуға жаны құштар шәкірттер үшін білім ордасында бар жағдай жасалған.
Г. Қалмырзақызы