Жиһангез қария 2008 жылы шілдеде Қазақстандағы Ресей жылына орай Шымкент – Мәскеу бағыты бойынша жолға шығып, еліміздің емен-жарқын келбетін мәскеуліктерге мәшһүр етті.Кеңесбек аға үшін ең үлкен әрі айтулы сапар Ауғанстан астанасы – Кабулға баруы еді. Бұл сапарды жиһанкез-велосипедші тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арнады. Жалпы, Кеңесбек аға 2017 жылы ЭКСПО кезінде Нұр-Сұлтан қаласына, одан кейін Өзбекстанға сапар шеккен болатын. Ал бұл жолғы сапарын қария Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаймын дейді.

Кеңесбек Сейдімбеков - веложиһангез

 

А.Аманхан