Жиында білім беру, ақпараттық саясат жүргізу, ашық қоғам құру, балалар спорты мен шығармашылығын дамыту, көпбалалы аналарды әлеуметтендіру, телеарналарда отандық анимациялық өнімдер үлесін арттыру, мәселелері жөнінде ұсыныстар айтылып, қолдау тапты.   Қала халқының 30 пайыздан астамын этнос өкілдері құрайды. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет ететіп, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Ассамблеяға жүктелген міндеттер шеңберінде қалалық және аудандық деңгейлерде Қоғамдық келісім және Аналар кеңестері, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен блогерлер клубы, Жастар қоғалысы, барлығы 8 қоғамдық құрылым қызмет етеді. Қалалық ассамблея тарапынан жыл басынан бері 87 іс-шара ұйымдастырылған. Эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, бұл іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтті. Республикалық Ассамблея Кеңесінің отырысын Мемлекет басшысы қорытындылап, мемлекеттік этносаралық саясатты ілгерілету, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын одан әрі нығайту жөнінде бірқатар маңызды міндеттерді белгіледі. Саланы жетілдіруге бағытталған бұл тапсырмалар қалалық ассамблея мүшелерінің алдағы жұмыс басымдығы болып айқындалды.

 

Г. Қалмырзақызы