Айман Сарманованың Қарабастау тұрғын алабы аумағындағы жаңа құрылысқа көшіп келгеніне 3 айға жуықтапты. Алғашында көршінің жарығына ортақтасып жүрген жас жанұя, электр қуатының күші тым төмендеп кеткен соң құрылысқа ғана қолдануды жөн санадық, дейді. Бар тірлігін күн жарықта бітіруге тырысатын жас ана, кешкі уақытта шам жағып жан бағып келген.

Айман Ермек  - Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны

Қарабастаудың жаңа құрылысын мекендеген ағайын осы уақытқа дейін жекенің трансформаторына телміріп келген. Жарықтың бағасына сапасы мүлдем сай келмейтін еді, дейді тұрғындар. Енді міне мемлекеттің электр қуатыда келіп жетті.  Мұндағы  құрылыс былтырғы жылдың қараша айында басталған болатын. Нәтижесінде, 700 жуық үй қамтылады деп жоспарланған. 

Ғаламат Батырбеков – «Ынтымақ бес арыс» ЖШС өкілі

Қала шетіне қоныстанған ағайынды жарық мәселесінен бөлек ауыз су, көгілдір отынның да жайы қинап келеді. Бұл проблемалардың шешу жолын қарастырып жатырмыз, деген биліктегілер таза судың жобалық сметалық құжаттарын жасатып жатқанын жеткізді.

Сейдулла Ибишов – Еңбекші аудан әкімдігінің халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы

Жаңа құрылысқа жеткен сапалы жарық шалғайдағы елдімекеннің бос жатқан жерлеріне де есептелген.  Жалпы, Еңбекші ауданы бойынша дәл қазіргі таңда 95,2 пайыз мемлекеттік электр энергиясымен қамтылған. Аудандағы құрылысы жүріп жатқан 3- елді мекендердегі жұмыстар аяқталса нәтиже 98,8 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Ал, қалғаны келер жылдың еншісіне қалдырылып отыр екен.  

 

Г.Асқарқызы