Түркістан облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салдырғандар саны 1 миллионнан асты. Вакцина жеткілікті. 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айларында коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлығы 43 мыңнан астам медициналық қызметкерге 8,4 млрд. теңге қаржылай үстемақы төленді. Жыл басынан бері коронавирус індетімен күрес шеңберінде 50 мыңға жуық медициналық қызметкерге 10,8 млрд. теңге қаржылай үстемақы төленді.
Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі
Облыс бойынша 13 ПТР зертханасы жұмыс істейді. Лабораториялық зерттеулерден жалпы 1 миллионнан астам адам өтті. Жедел-жәрдем қызметі 122 автокөлікпен қамтамасыз етіліп, автопарк 96%-ға жаңарды. Сонымен қатар Түркістан қаласында қуаты 200 төсек-орынға арналған жаңа модульді аурухана пайдалануға тапсырылды
«BINOM SCHOOL» МЕКТЕБІ САЛЫНАДЫ
Өңір басшысы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифингте білім саласындағы жаңалықтармен де бөлісті. Атап айтсақ, апатты және үш аусымды мектептің мәселесін шешу мақсатында биыл Түркістан өңірінде 78 мектеп құрылысы жүргізілуде. Айта кету керек, бұл – еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.
Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі
Облыс әкімінің айтуынша, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 906 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. 559 мектептің бейне камерасы полицияның жедел басқару орталықтарына интеграцияланды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Облыстағы 945 мектепте 510 мыңға жуық бала оқиды.
Перизат Ортай