Желтоқсан оқиғасыны жайлы ақпарат көп. Бірақ ішінде ақиқаты аз. Себебі сол кездегі билік Елдің егемендігін аңсап алаңға шыққан талайға түрлі жалап жауып абақтыға жапты. Соның көбі сол жаладан әлі арыла алмай келеді. Оған себеп көп. Ордабасы ауданында өткен жиында сол мәселе айтылды. Қоғамдық бірлестік ұйымының төрағасы көп жағдайда тізе қосып әрекет етеу керектігін жеткізді.

Сажида Сүлейменова – «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ төрайымы   

Тәуелсіздік алғалы елімізде желтоқсаншыларды ақтап алу мәселесіне мемлекет мейлінше мән берілуде. Одан бөлек, қазір аталған оқиға қатысушылары көптеген жеңілдіктерге ие. Бірақ көп жағдайда тәуелсіздік қарлығаштары саналатын тұлғалар ол мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Оғанда сол енжарлық себеп.

Едіге Марат - «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ Ордабасы ауданы бойынша жетекшісі   

Айтып өту керек, қазір Түркістан облысының аумағында нақты қанша желтоқсан оқиғасының қатысушысы бар екені де белгісіз. Тек, Ордабасы ауданының өзінде осы күнге дейін 42 желтоқсаншының бар екені анықталған. Бүгінде қоғамдық бірлестік пен жергілікті билік ол азаматтардың арасындағы істі болғандарды арашалап алу жолында тізе біріктіріп әрекет етуде.

 

М. Айтжанов