Мерекелік кешке Шымкент қаласы білім басқармасының басшылары, еңбек және қоғам қайраткерлері, мектеп-гимназияның құрметті демалысқа шыққан зейнеткер педагоктары мен қалалық мектептердің басшылары қатысты. Шара барысында аталмыш білім ұясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан марқұм Кәдірбаева Қатира Қырғызбайқызы туралы естеліктер айтылды.
Роза Әміреқызы – үлгілі ұстаз
Ы. Алтынсарин атындағы бұл мектеп - Тәуелсіздіктің құрдасы. 1991 жылы күрделі кезеңде пайдалануға берілген білім ошағының бүгінде 30 жылдық тарихы бар. Жеткен жетістіктері, бағындырған белестері ауыз толтырып айтарлықтай.
Марфуға Күнтаева – қазақ тілі пәні мұғалімі
Мерекелік есеп беру концертінде оқушылар ән мен жырдан шашу шашты. Айта кетейік, іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында елжандылық, ұлтшылдық, Отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, Ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындыру еді.
Ә. Дәулетбекқызы