Аталмыш орталықққа Шымкент қаласындағы Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы мен Д.И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі тіркелген. 12 мен 18 жас аралығындағы оқушылар вирусқа қарсы вакцинаны тек ата-анасының келісімімен, еркіті түрде салдыруда. Салынып жатқан вакцинаға шәкірттердің ата-анасы міндетті түрде қатыстырылды. Қазіргі таңда олардың жағдайлары жақсы. Ата-аналардан ешқандай шағым түспеген. Айта кетейік, вирусқа қарсы екпенің бұл түрі жүкті әйелдер мен көкіректегі нәрестесі бар аналарға да тағайындалған. Бүгінге дейін, орталыққа тіркелген жүкті әйелдер мен емізулі аналарға да егіліпті.
Айна Тасбулатова – MEDIKER 4» медициналық орталығының бас дәрігері
Ә. Дәулетбекқызы