Көктерек ауылдық округі мен жастары және "Шаян" тәуелсіз апталық газеті редакциясы ұйытқы болған спорттық шараны аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев ашты. Жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.Ал, ауданның Бас имамы Еркін Полатов, ауылдық округ әкімі Әбдіразақ Мәуленов өскелең ұрпаққа жат ағымға бой алдырмауды, бос уақыттарын тиімді пайдалану керектігін тілге тиек етті.
Бағдатбек Жанғазиев - аудан әкімінің орынбасары
ЕркінПолатов- Бас имам
Сайысқа 11 команда қатысты. Нәтижесінде алдарына жан салдырмаған Көктеректің 95 жылғы жастар командасы бірінші орыннан көрінді. Жеңімпаз болған командаға ұйымдастырушылардың "Дипломы" мен кубогы табыс етілді. 2-ші және 3-ші жүлделі орындардан көрінген командалар да марапат тұғырынан көрінді. "Үздік ойыншы" мен "үздік шабуылшы" номинациялары бойынша да аудан жастарына сый-сияпат берілді. Жеңімпаз командалар мен номинация иегерлеріне "Шаян" газеті редакциясының "Дипломдары" берілді.
Ә. Дәулетбекқызы