Негізгі Жаңалықтар КІТАПХАНАЛАР 361 354 ДАНА ЖАҢА КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ

КІТАПХАНАЛАР 361 354 ДАНА ЖАҢА КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ

Ол бойынша облыстық мәдениет басқармасының басшысы баяндама жасады. Әзімхан Қойлыбаевтың айтуынша, өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай рухани және мәдени іс-шаралар жүйелі түрде өтіп келеді. Оған дәлел, бүгінгі күнге дейін облыс  орталығында бірнеше  іс-шаралар ұйымдастырылып, кәсіби 3 театрда 6 жаңа қойылым сахналанған. Сонымен қатар, «Жыл басынан бері облыстағы 24 музейде 6020 экскурсия, 520 көрме, 528 көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Бүгінде 5 мыңдай жаңа экспонат жинақталып, жалпы қор 178927 данаға жетті. Облыстағы 395 кітапхана 361354 дана жаңа кітаппен толықтырылған. Облыс әкімі Түркістан өңірінде, оның ішінде Түркістан қаласында өтетін мәдени іс-шаралардың сапасы мен мазмұнын арттырып, деңгейін халықаралық талапқа сай көтеру жөнінде тапсырма берді.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

 

М. Айтжанов           

Бөлісу