Шараға аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов арнайы қатысты. Жиында сөз алған әкім орынбасары қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып жүрген азаматтарға алғыс айтып, аймақта мүмкіндігі шектеулі жанждарды қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Айтып өту керек, Отырарда арнайы күтімді қажет ететін азаматтарды қолдау мақсатында көптеген тірлік тындырылуда. Ол бойынша аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Пернехан Ахаев та мәлімдеді. Сонымен қатар шара кезінде барлық істе демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарға аудан әкімдігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
Пердехан Жаппарқұлов – Отырар ауданы әкімінің орынбасары
М. Айтжанов