Қазақстан көпұлтты мемлекет. Қазақ халқының қонақжай пейілінен болса керек 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олар бір-бірінің тіліне, мерекелеріне, діні мен наным-сенімдеріне құрметпен қарап, бүгінде бірге өмір сүріп келеді. Шара барысында татар-башқұрт халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін әндер айтылды. Одан бөлек қонақтарға ұлттық тағамдары ұсынылып, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Бір сағаттық танымдық кештен ерекше әсер алған қонақтар, татар халқы туралы тың мәліметтерге қанықты.Бірлестіктің белсенді мүшелеріне алғыс хат табыс етілді.

Фарит Аюпов – Татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрағасы.

 

Г. Оңласбекова