Алатау батыр ауылдық округінің негізі өткен ғасырдың 70-ші жылдары Целиный және Қазақстан күріш совхоздарының құрылуымен қатар қаланған. Кеңестік кезеңде күріш егуден Одаққа танылған алатаулықтар ВДНХ-ның бірнеше дүркін жүлделерін жеңіп алған. Бүгінде 10 мыңға жуық тұрғыны бар аталмыш округ ауданда көш басында келеді.

Қайрат Жолдыбай -  Шардара ауданының әкімі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар келген Алатау батыр ауылдық округінің жарты ғасырлық мерей тойы аясында  ұрпақ тәрбиесі мен ұлтаралық татулықты сақтау жолында тер төккен ауылдың бірқатар азаматтары «Ауданның Құрметті Азаматы» төсбелгісін алды. КСРО-ның кезінде күрішімен көзге түскен ауыл дихандары бүгінде  заман сұранысына сай мақта, көкөніс, мал азығы мен бақша дақылдарын егуді қолға алған. Биылдың өзінде олар 11 965 гектар суармалы жердің 70% мақта, 20% күріш, 10% түрлі дақылдың тұқымын сепкен. Алажаздай еткен еңбек ағайынмақтаны орта есеппен гектарына 28 центнерден алса, күріш гектарына 75 центнерден өнім берген. Осылайша ауданда өткен «Алтын күз» мерекесінде округтер арасында бірінші орынға шықты.

  Дүйсенбай Ілесов  - Алатау батыр ауылының Құрметті азаматы

 5 ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан округте 2 мектеп пен 5 балабақша бар. Халық өсімінің жыл сайынғы артуына байланысты елді мекен аумағын кеңейту, жаңа шағын аудандар ашу жұмыстары қолға алынған. Осы орайда, ауылға жақын маңнан 63 га жер қарастырылып, кішігірім шағын аудан ашуды жоспарлап отырғандықтарын Алатау батыр ауылдық округінің әкімі Қалдыбай Қарабаев жеткізді.

Спикер:  Қалдыбай Қарабаев  - Алатау батыр ауылдық округінің әкімі

 Қатар келген қос мерекеде отандық және жергілікті эстрада жұлдыздары алатаулықтар әсерлі кеш сыйлады. Сондай-ақ мерекелік жиында  Тәуелсіздік пен округ құрдастары, 50 және 30 жыл отандасқан ауылдағы үлгілі отбасылар марапатталды.

Шардара ауданынан Бауыржан Найманов  Қуаныш Әуелбеков