Камера арқылы азаматтардың түр-тұлғасын анықтап, күдіктілерді қолға түсірді. Бұзақылық орын алған сәтте бейнебақылау жүйесінің 189 «сергек» камерасы вандализмге ұшырады. Оның ішінде маңызды саналатын елуге жуық  камера санаулы сағат ішінде қайта қалпына келтірілді. Қала әкімі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде камераның маңызы зор екенін айтып, бүлінген бейнебақылау камераларын тездетіп қалыпқа келтіру жөнінде тиісті сала басшысына тапсырма берді.

 

Г. Қалмырзақызы