Жаппай тәртіпсіздік орнап, жағдай ушыққан кезде аудан аумағынан 7 блок бекеттер қойылды. Бүгінде жағдай тұрақты, нәтижесінде блок бекеттер алынып, тек Азаттық ауылының тұсына тұрақтады. Онда Лаңкестік әрекеттердің жолын кесу, бұзақылықтың алдын алу бойынша қызмет етіп жатқан сақшыларға ерікті жастар ыстық тамақ апарды. Сондай ақ комендаттық сағат кезінде, құқық қорғау мекемелерінің  қызметіне кедергі келтірмеуге шақырды.

Оңдасын Мұсабекұлы - Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы

Ауданға кірген шыққан көліктерді жіті тексеріп, түнгі 23:00ден таңғы 7ге дейін енгізілген комендаттық сағат кезінде тәртіпті бұзғандарға тиісті шаралар атқарылуда. Бұл міндетті полиция, шекара қызметкерлері мен әкімшілік бөлімінің мамандары атқаруда. Олар күндіз-түні, өз отбасынан алшақта қызмет етуде.  

Сәбит Татаев - ЖАПБ жергілікті полиция қызметі, учаскелік полиция инспекторы

Бүгінгі таңда ауанымыздың барлық ауылдық округтері мен елді мекендерде еріктілер тобы қоғам тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосуда. Жалпы облыс бойынша құрылған «Халық сақшылары» жасағына 1560 адам қамтылған. Соның  120 Жетісай ауданында. Олар осындай қиын сәтте ауызбіршілігіміз мықты болса бар ауырлықты  еңсереміз деген сенімде.

 

Н.Әбдірашит