Үшінші мегаполисте 88 мешіт  халыққа қызмет істеді. Құлшылық ордаларында 259 дін қызметкері бар. Алла үйіне әр жұмада жиылатын жамағатты назарға алсақ  халықты қауіпсіздікке шақырған имамдардың сөзі өтімді.   Қазір қаладағы мешіттер індеттің өршуіне байланысты жабық. Қаланың бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық талаптар сақталуда. Өткен жылы дін қызметкерінің 89 пайызы өзгеге өздері үлгі болып  вакцинаның бірінші, екінші компоненттерін қабылдаған.

Бақдәулет Әбдірахманов - Шымкент қаласының бас имамы

Алла тағала қасиетті құрани кәрімде өзің білмегенді білім иелерінен сұраңдар деген. Біз дін маманы болғандықтан медецина жағын өз мамандарынан сұрау керек.

Халыққа қауіп төндіретін індет кезінде сақтық шараларын ұстану жайы қасиетті құран кәрімде айтылған. Індет жайлаған жағдайда одан арыстаннан қашқандай қашыңдар деген хадис бар. Ал қауіпті ауруды жұқтырсаң сол жерде қалу керектігіде ескертілген. Пайғамбарымыздың сөзінен мысал келтірген имамдар каронавирустың  қауіпін халық сезіну керектігін әңгімеге арқау етті.

Дастан Желеуов – Шымкент қаласы Қаратау ауданының бас имамы

Бұл пандемиялық жағдайды пайғамбарымыз былай айтқан. Бұдан қорқу керек сақтану керек деген.

2021 жылы қалада 37 610 адам коронавирус жұқтырған.  35 605 науқас емделіп шығып, 1 265 адам каронавирустан  қайтыс болды. Қауіпті індет имамдарды да  айналып өтпеді. Өткен жылы 6 дін қызмсеткері аты жаман аурудан көз жұмған.

 

К. Дүйсенбі