Айман Сарманованың Қарабастау тұрғын алабы аумағындағы жаңа құрылысқа көшіп келгеніне 3 айға жуықтапты. Алғашында көршінің жарығына ортақтасып жүрген жас жанұя, электр қуатының күші тым төмендеп кеткен соң құрылысқа ғана қолдануды жөн санадық, дейді. Бар тірлігін күн жарықта бітіруге тырысатын жас ана, кешкі уақытта шам жағып жан бағып келген.

Айман Ермек  - Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны

Қарабастаудың жаңа құрылысын мекендеген ағайын осы уақытқа дейін жекенің трансформаторына телміріп келген. Жарықтың бағасына сапасы мүлдем сай келмейтін еді, дейді тұрғындар. Мұндағы  құрылыс  2020 жылдың қараша айында басталып, 2021 жылдың аяғына таман тәмәмдалған.Нәтижесінде, 700 жуық үй қамтылған. Былтырғы жылы Қарабастаумен қатар, Жалын, Жұлдыз, Бадам-2, Қаратөбе тұрғын алабтарының жаңа құрылыстарына да сапалы жарық жетті. Бүгінде ауданның мемлекеттік электр қуатымен қамтылу көрсеткіші 96,5 пайызды құрап отыр. Бұйыртса, бұл көрсеткіш биыл 100 пайыз болады деген үміт бар. Ал, таза ауыз сумен аудан бойынша қамтылмаған 3701 абоненттің жобасы ағымдағы жылы жобаға енуі тиіс, дейді аудан әкімі Досбол Есілбек.

Досбол Есілбек – Еңбекші ауданының әкімі

Қала шетіне қоныстанған ағайынды көше жарығы да жиі мазалауда. Одан бөлек ауыз су, көгілдір отынның да жайы қинап келеді. Бұл проблемалар бүгін аудан әкімінің алдында айтылды.

Кеңес Сеитаев  - Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны

Амангелді Егемберді  - Жалын тұрғын алабының тұрғыны   

Еңбекші ауданы бойынша былтырғы жылы  тозығы жеткен 41 аула жаңарған. Сондай-ақ, ашық аспан астындағы спорт алаңдарының басым көпшілігі шалғайдағы елдімекендерден бой көтерді. Биыл да бұл жалғасады деген жоспар бар. Ол үшін тұрғындар «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініш берулері керек. Айта кетейік, бүгінгі кездесу барысында қоғамдық көліктердің қаланың орталық көшелеріне дейін қатынау жайы да сөз болды.