Осындай шараның бірі – Еңбекші аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған «Біздің күшіміз – бірлікте» акциясы. Акция аясында соңғы уақытта болған оқиғалардың салдарын жойып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан коммуналдық қызмет мамандарына таңғы ас ұйымдастырылды. Ондағы негізгі мақсат – тәртіпсіздіктердің салдарын жоюда аянбай еңбек етіп жатқан коммуналдық қызметкерлерге қолдау көрсету. Ал, акцияның демеушісі «Айжамал таттілері» аспаздық-кондитерлік студиясы Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, олар қала қалпына келгенше шараны жалғастыруға ниетті.

Нурайым Шахимерген – ерікті

Жалпы, біздің Шымкентті қайырымды қала деп атайды. Біз мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің көңілін көтеруді көздеп, оларға таңғы ас ұйымдастыруды жөн көрдік. Өйткені, олар қазір тәртіпсіздіктің салдарын жоюға кірісіп жатыр. Бәлкім, мұндай үгіт-насихат біреуді игі істерге итермелейтініне сенімдіміз. Біз белсенді жастарды бізден үлгі алуға шақырамыз

Жасмин Ашимова – Ерікті

Күнделікті өмірде ол кісілердің еңбегін ешкім бағаламайды да. Өйткені, ол баға жетпес құндылық. Оларға жағымды эмоциялар беру үшін таңғы ас берілді. Олар шын жүректен алғыс айтты.

 

М Айтжанов