Төлеген Момбеков үлкен мектеп. Оның шәкірттері бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде жүр. Мұрасы мұрағатты, күйі ұлағатты Күйшінің жасампаз дәуірі енді басталды. Оның туындылары әлі талай ғасыр тіршілік етеді. Момбеков құбылысы мыңжылдықтармен өлшене бермек дейді,- Шыңғыс Исаев.
Шыңғыс Исаев - «Сүгір» атындағы қазақ ұлт - аспаптары оркестрінің мүшесі
Теріскейдің тумасы ұлттық күй өнерінің өзіндік сарынын қалыптастырды. Өз атасы Бапыш пен Шерпе күйдің шебері Сүгірден тәлім алып, ұлттық өнеріміздің кең тарап, халықтың рухани қазынасына айналуға көп үлес қосты. Ол Сүгірден үйренген "Телқоңыр", "Бозінгені", "Бес жорға", "Шалқыма", "Жолаушының жолды коңыры" секілді күйлерін ерекше орындады. Оның "Қосбасар", "Мешін", "Салтанат", «Бозынгеннің бүлкілі»"Қат-қабат", "Мың жылқы", "Ел жаңа", "Асу", "Анама", "Қоштасу", "Қаратаудың шертпесі" т.б. күйлері грампластинкаға түсірілді. Момбеков туындылары фольклорлық-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің репертуарында орындалды.
Сенбі Егембердиев - көрермен
Екі сағатқа созылған кеште Төлегеннің туындылары орындалып, тыңдарман рухани азық алып әдемі әсермен тарқады.
Назкен Скандар