АУРУ - АСТАН
Жалпы өмірлік деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда еліміздің әрбір екінші тұрғыны асқазан ауруынан зардап шегеді. Бұл ауру бірінші кезекте, жүйелі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болады. Асқазан-ішек жолдары жүйесінің жұмысы бұзылады. Егер де «Ауру астан» деген аталы сөзге мән берсек, денсаулығымызға нұсқан келмес еді.
Жанат Әбішева - Шолаққорған аулының тұрғыны
Келгеніме 3 күн болды. Ас адамның – арқауы, - дейді. Бұл күтінбегендіктен, уақытылы диета ұсатамағандықтан болып отыр. Уақытты созып алып, емделмей жүре береміз. УЗИ дің арқасында асқазанда жара бар екені белгілі болды. Соған байланысты ем қабылдап жатырмын. Нұргүл Едігеқызы деген дәрігер емдеп жатыр. Күннен күнге жақсарып жатырмын.
ГАЗДЫ СУСЫН – АСҚАЗАННЫҢ ЖАУЫ
Бүгінде көпшілік арасында асқазан-ішек аурулары дендеген. Созылмалы гастроэнтерологиялық аурулар диета сақтамау, күннің күрт ысуына байланысты газды сусындарды жиі пайдалану себебінен болып отыр. Ретсіз тамақтану кезіндегі түрлі қышқыл шырындар... асқорыту сөлін сұйылтып тастайды. Нәтижесінде асқазанның қорыту қауқары нашарлайды. Мұның соңы асқазан жарасының пайда болуына әкеліп соғады.
Нұргүл Сұлтан – облыстық клиникалық аурухананың дәрігер-гастроэнтерологі
Газды сусындарды адамдар өте көп мөлшерде пайдаланады. Ол дұрыс емес. Өйткені, газды сусындар құрамында ағзаға зиянды заттар өте көп. Атап кетсек, химикаттар фосфор, кофейн және түрлі бояғыш заттар болады құрамында. Сондықтан газды сусындарды мүмкіндігінше пайдаланбау керек. Бұл консерогендер ағзада қатерлі ісік ауруларан пайда қылады.
Иә, асқазанға әсіресе газдалған судың зияны көп. Өйткені, онда қант пен қышқылдар да кездеседі. Газдалған сусынды ішкен адамның тамаққа деген тәбеті қашады. Әрі ол шөлді қандырмайды. Ең қауіптісі, қант диабеті ауруының пайда болуына да әкеліп соқтырады. Сондықтан да дұрыс тамақтану қажет. Ол асқазан ауруының алдын алуда маңызды рөл атқарады.
С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ