Бұдан түскен қаражат Рамазан айында мұқтаж жандардың қажеттілігін өтейтін игі іс дейді ұйымдастырушылар. Аудандық орталық мешіттің ұжымы осындай қайырымдылықты дәстүрлі түрде ұйымдастырып отырады. Ауданның бас имамы Мұрат Әлімбеков айтуынша мешіт жамағаты қасиетті Рамазан айында көмекке зәру отбасына негізгі қажетті тағамдарды алып беруді жоспарлауда дейді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып жәрмекені аралап шығып, істеріне сәттілік тілеп, алдағы уақытта игі бастамаларына қолдау көрсететінін айтып өтті.
Мұрат Әлімбеков - Қазығұрт ауданының бас имамы.