Мереке қарсаңында ұйымдастырылған «Саптық байқауға» студенттер 2 айға жуық уақыт дайындалған. Сайысқа сарбаз жігіттермен қатар бойжеткен арулар да қатысты. Байқауда әр топ өзара әскери дайындық бойынша жарысты. Бірі газтұмылдырық пен химиялық қорғау костюмын кисе енді бірі Калашников автоматын бөлшктеп қайта жинап сайысты. Соның бірі оқу ордасының тәлімгері Жулдыз. Ол командалық доданың соңғы айналымында автоматты лезде қайта жинап топ жарды.
Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев ҚР қарулы күштерін дамытып, әскери әлеуетті арттыру қажеттігін атап өткен болатын. Бұл жұмыстар Мардан Сапарбаев институтында қарқынды жүруде. Қазіргі таңда білім ордасының әскери кафедрасынада 198 студент тәлім алуда. Олар болашақта лейтенат атағымен әскери билеттерін қолына ұстап, запастағы офицер лауазымына ие болмақ. Бүгіні күні студенттер үшін бұл өте қажетті дүниенің бірі болып отыр.
Шараға қатысқан ардагерлер жеңімпаздарды марапаттап, ел болашағы бүгінгі ұрпақтың қолында екенін айтты. Елімізді ертеңі алаңсыз болуы үшін аянбай еңбек етіп білім алу маңызды екенін жеткізді.