Ангус сиыры – қара малдың етті тұқымы.  Бабына келсе, әр ірі қара бір тоннаға дейін таза ет береді. Көзі ашық, құлағы түрік, жаңашыл шаруаларды бұл кәсіптің түрі қатты қызықтырды. Тәуекелге бел буып, «Қазагроқаржы» холдингі арқылы 194,9 млн. теңге несие алып, мал бордақылайтын алаңның құрылысын аяқтайды.

Ғани Махан- Шаруа

Қазығұрттың жері  от. Табиғи құнарлы шөбіне сиырлар әбден үйренісіп алған. Бұзауы тез өсіп, жылдам салмақ қосады. Шаруашылық қызметкерлерінің сөзіне сенсек, төлдеген сиырлар 1 айдың көлемінде қайтадан қолдан ұрықтандырылады. Мамандардың есебінше, әрбір сиыр жыл сайын төлдеп отырса, 5 жыл көлемінде мал басын 4-5 есеге көбейтуге мүмкіндік бар. Қожалықтықтың қора-қопсысы да малға жайлы. Жем-шөп қоры жеткілікті. Оны араластырып турап, қай азықтың қанша берілуі керектігіне дейін мөлшерлеп отыратын құрылғылар бар. Серіктестік бүгінде мал басын көбейтіп, жаңадан туылған бұқаларды бордақылап, етін сатып, пайда табуды да мақсат етіп қойған.

Сәбит Әлсейітов - Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қазығұрттықтар мұнымен шектеліп қалмақ емес. Ендігі мақсат -ауданның ет өндіру әлеуетін ұлғайту. Бұл бағыттағы жұмысқа Үкіметтен берілген көмек тәп-тәуір ықпал етіп жатыр.

ГҮЛЖАУҺАР Ахметқызы