Қала бойынша референдум кезінде 2700 комиссия мүшесі жұмыс атқаратын болады. Олардың ішінде 35-і аумақтық референдум комиссияларының мүшелері болса, 2665 учаскелік референдум комиссияларының мүшелері. Ел үшін жасалатын маңызды шараға шаһар бойынша 631 133 адам қатысады деп күтілуде. Осы орайда,  2021 жылдың 10 қаңтарында өткізілген парламент пен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына қала бойынша қатысушылардың  саны 14 мыңға артқандығын байқауға болады. Ал, алғаш рет өз дауысын бергелі отырған сайлаушылардың саны 500 адамның төңірегінде екен. Референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған. Ал, 18 учаске жабық жағдайда жұмыс жасамақ. Олардың 15-і денсаулық сақтау мекемелерінде болса, 2 тергеу иззоляторында, 2-і әскери бөлімде орналасқан.