Апта бойы Шымкент қаласында қыздар арасында екі жас ерекшілігі бойынша баскетболдан чемпионат басталды.  Бойжеткендер арасында чемпионаттың 1-туры ойнатылып оған 5 команда жіберілді. Олардың қатарында алаң иелерімен қатар Ертіс,Намыс, Түркістан және Ақмола облысының баскетболшылары бар. Шымкенттің қыздар шешуші ойында Нұр-сұлтаннан келген Намыс командасының аруларына 64-54 есебімен есе жіберді.

Ал,2008-2009 туылған қыздар арасында екі топ бойынша 9 команда осы Шымқалада жеңімпазды анықтайтын болады. Мұнда қалалар арасында және облыстар арасында жеңімпаздар анықталады. Камалжан Ешматов басқаратын қыздарымыздың мүмкіндігі бар. Ол үшін алдағы кездесулердің барлығында жеңіске жету маңызды. Ленгер қаласының қыздары жеңіліссіз келеді.  Баскетболдың жастар арасындағы дамушы спорт түрі екені белгілі. Сондықтанда онымен айналысу жалпыға ортақ болып тұр. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз