Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, соңғы 24 сағатта ел әскері Северодонецкіде біраз табысқа жетті. Айтуынша, ресей армиясы ((КСМ)) артиллерияның күшімен индустриалды қаланың көп бөлігін басып алса да, Украина әскері күресті тоқтатқан жоқ. АҚШ-тың соғысты зерттеу институты да Северодонецкіде ресей армиясы ауыр шығынға ұшырап жатқанын мәлімдеп отыр. Жалпы Донбастағы жағдай әлі де күрделі. Сонымен бірге Зеленский АҚШ президенті Джо Байденге зымыран жіберуге уәде еткені үшін алғыс айтып, басқа да серіктестерінен қару күтетінін мәлімдеді.