Бұл қаладағы көп дүкеннің бірі. Мұндағы шекердің бағасы әзірге деп айтайық 550 теңге. Осыдан бір жеті бұрын алып келген қабын әлі сатып бітіре қоймаған Динаш Жамалова күні кеше көтерме сауда базарына барып, шарықтаған бағаға куә болып қайтқанын айтады. Амалдың жоғынан тек керек тауарымды алуға тырыстым, дейді саудагер.

Құмшекер құнының қалай екенін білмек болып қаладағы көтерме сауда базарларына бас сұқтық.

Мұндағы 540 теңгеден саудаланып жатқан шекер, ендігі бір базарда 530 теңгеден сатылуда. Алайда, қабымен алуды қалайтындардың сұрансын қанағаттандыруға қаухарсыз. Бұл ретте, базар басшылығы кәсіпкерлердің жұмысына киліге алмайтындарын айтуда. Дегенмен, күнделікті қажеттілікке тұтынатын тауар бағалары бақылауда, дейді.

Қандай тауар түрі болмасын кәсіпкерлер, тікелей жеткізушінің бағасына бағынышты екендерін айтады. Осы орайда, қаладағы ірі сауда орындары мен  қант зауыттарының арасындағы байланысты орната бастадық, деген ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков қалада қант тапшылығы жоқ, дейді.

Күнделікті қажеттілікке тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында тиісті басқармаға қарасты тұрақтандыру қоры 3 жылға 7,7 млрд теңге бөлген. Нәтижесінде Грамад, Магнум сауда желілерімен келісім шарт түзіліп, әлеуметтік азық-түліктің бағасы бекітілген бағамен сатылуда. Мысалға, мұндағы шекердің 1 келісі оыдан екі күн бұрын 460 теңгеден сатылса, күні бүгін 480 теңге болыпты. Ал, сауда орталығының өз бетінше сатып жатқан бағасы күні кеше 510 теңге болса, бүгін 530 теңгенің төңірегінде.

Негізсіз дүрлігу, қолдан жасалатын тапшылыққа әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Сондықтан, алдын-ала байбалам салудың қажеті жоқ, деген тиісті салаға жауаптылар қалаға қант уақтысында жеткізіліп жатқанын тілге тек етті. Ал, оны кәсіпкерлер қалталарына қарай алып жатқан көрінеді. Осы орайда, тосап қайнату маусымындағы мәселелер дәл қазіргі таңда, қарастырылу барысында екен.