Бұл байқау ұмыт бола бастаған ұлттық өнерді қайта жаңғыртуға бағытталған –дейді ұйымдастырушылар. Әсіресе жастар арасында жыр-термені дәріптеп оған деген қызығушылықты арттыру. Ел іші өнер кеніші. Бұл байқауға әр облыстық ең үздік өнерпаздары қатысты. Оңтүстіктің мақамы насихатталды.
Республикалық «Рухани жауқарлар» байқауына қатысуға 87 әнші термеші ниет білдірген. Соның ішінде іріктей келе 32-і соңғы айналымға өтті. Сол саңлақтар арасынан дәстүрлі әнненде терме байқауынанда жерлестеріміз жеңімпаз атанып 1 млн теңге жүлде қорын еншіледі.
Ғалымдар қазақтың ән дәстүрінде 40-тан астам жанр бар деп айтады. Ғасырдан-ғасырға ұлтымыздың дәстүрін жоғалтпай жеткізген – сол қазақ өнері. Оны сақтау – бүгінгі ұрпаққа артылған аманат. «Рухани жауһарлар» байқауы да ұлттық өнер ұмыт болмасын деген мақсатта ұйымдастырылған.