Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халықаралық байқаушыларға арналған ақпарат алаңындағы брифингте Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин осылай деді. Беделді халықаралық ұйымның басшысы отандық және шетелдік тілшілермен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді. Бас хатшы референдум учаскелеріндегі тыңғылықты дайындық пен халықтың жоғары белсенділігін атап өтті. Бұл Чжан Миннің Қазақстанға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы ретіндегі алғашқы сапары. Еске сала кетейік, референдумға шет елдерден 272 халықаралық байқаушы келді.

ЧЖАН МИН ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ

Аударма «Референдум учаскелерінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Халық өте белсенді. Сонымен қатар, қоғамда ертеңгі күнге деген сенім байқалады. Мен барша қазақстандықтарға жарқын болашақ, өсіп-өркендеу тілеймін!».