Шымшаһардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында 690 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Соның 637-сі электронды форматта қолжетімді. Жақында ғана тағы бір қызметтің түрін онлайн алуға мүмкіндік туды. Бір жасқа дейінгі балаға төленетін жәрдемақыны рәсімдеу үшін үйден шықпай-ақ, арнайы қосымшалар арқылы өтініш беруге болады.
Жансая жақында ана атанады. Мемлекеттік қызметтердің электронды түрде қолжетімді бола түскенін Жансая заман талабы деп біледі. Өйткені, қазір ақпараттық технологияның дамыған дәуірі. «Жаңа Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерін қарапайым халық жіті түсініп, иновация игіліктерін игеруіміз»,- керек дейді.
Қазір тұтынушылар арасында «Егов.кз» порталы да танымал сайттардың санатына енді. Портал арқылы бір өтінішпен үш бірдей қызметті алуға болады.Баланың туу туралы куәлігі. Бір реттік жәрдемақы және баланы балабақшаға орналастыру. Қызметтердің әрқайсысы алдыңғысының дайын болуына қарай рет-ретімен өңделеді. Жыл басынан бері ХҚКО арқылы 5 мыңға жуық туу туралы куәлік беріліп,7мыңнан астам бір жасқа дейінгі жәрдемақы тағайындалған. Алдағы уақытта тағыда жеңілдетілген қызмет түрлері қосылмақ.