Байырғы бабалар көзіндей, қазақтың өзіндей болған бекзат өнер –айтыс.  Дарынымен дараланып, ордалы ой мен қордалы сөз айтар, шашасына шаң жұқтырмас жүйріктей дара шауып, ақынның нағыз бағын сынар аламан – «Алтын домбыра» болса керек. Республикалық айтыс 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын бағы мен бабы қатар келіскен ақынға ғана «Алтын домбыра» табысталады.

Бұл Шымкент өңірінің тумасы – Абдулла Жаңатай. Бүгінгі айтыс сахнасында табысталып жүрген  «Алтын домбыраның» алғашқы үлгісін дәл осы шебер жасаған. Дүбірлі сөз додасына бір апта қалғанда, оған алтыннан аптап домбыра жасау туралы ұсыныс түседі. Ол күні-түні көз ілмей, небары 4 күннің ішінде аталған тапсырысты орындайды.

АБДУЛЛА ЖАҢАТАЙ – ЗЕРГЕР (Маған Бақдаулет келіп алтын домбыра жасайсызба  деді, жарысты жариялап қойған, менде бар жоғы 1 жеті ғана уақыт бар. Мен 4 күнде жасап шығардым)

Қанмен берілген қасиетті ұсталық  өнерді ол жастайынан меңгеріп, бүгінде басқаларға үйретіп жүр. Ал «Алтын домбыра» оның өмір жолында ерекше есте қалар  өнер туындысы. Сонымен қатар ол баға жетпес тәжірибе болыпты. Жасау кезінде 3 келіге жуық алтын қолданған.

АБДУЛЛА ЖАҢАТАЙ – ЗЕРГЕР (Алтын домбыраны жасауға 3 кг алтын кетті. Алғашында оны еріттік....)

Талай ақынның арманы болған «Алтын домбыра»  дәл осы аядай ғана шеберханада дүниеге келген. Ол жыл сайын дүбірлі дода кезінде тек мықтыларға беріледі. Көшпелі кубок секілді қолдан қолға өтеді.  Ал оны жасаған ұстаның айтуынша,  «Алтын домбыра» тек шын мықтыға лайық!