Ірі жобалардың санатында «Karlskrona» компаниясы бар.  Құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісі  жобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Биыл Өзбекстандық инвестордың қатысуымен құны  13 млрд. теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда.  300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

Шымкентте жалпы аумағы 743 га құрайтын 4 индустриялық аймақта 185,3 млрд.теңгеге 130 жоба іске қосылады.  8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қала экономикасының қарқынды дамуына және инвесторлар тарапынан сұраныстың артуына байланысты жаңадан 4 өндірістік алаң ашу жұмыстары басталды. «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Аумағы 306 га, қазір инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде. Бұл аймақта 200 млрд. теңгеге 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. Аумағы 132 га құрайтын «Бозарық» агро-индустриялық аймағының бағыты- ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу. Инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. 21 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Ал, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 150 млрд. теңгеге 30-дан астам ірі жобаны жүзеге асырмақ. Соңғысы - «Стандарт» жекеменшік индустриялық аймағы. Бұл аймақтың ерекшелігі -  инвестор өз қаражаты есебінен 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдарын салып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынады. Кәсіпкерлерге қаржы институттары мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда аумақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.