Бұл жиын діни фанатизм мен көзсіз  еліктеушілікке қарсы тұрар  қалқан қалыптастыруды көздейді. Сондықтан, әр саланың мамандарын бір ортаға тоғыстырып, дәстүрлі дініміз туралы кеңінен мағлұмат айтылды. Жиынға арнайы қатысқан мамандар тақырыптың маңыздылығын мысалдармен айшықтады.

Дін тек құлшылық емес. Бірліктің де бастауы. Ал бірлік ел тұтастығының негізі. Еліміздегі әрбір дін өкілі осыны естен шығармауы керек. Өйткені, діни көзқарас өзі үшін маңызды болса, ел тыныштығы қоғамға қажет.

Айта кетейік, шара барысында қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, діни сергек болу керек екені айтылды. Тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оған мамандар тиісінше жауаптар берді.