Айта кетейік, балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізілетінін және оны енгізу 2024 жылға жоспарланып отыр. Яғни бұл мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін уақыт берілетінің білдіреді. Сонымен қатар, басқарма басшысы лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы керек.

Бүгінде мектепке дейінгі мекемеден бөлек білім ордасын ашқандардың қатары қалың. Солардың бірі Айман Бердімбетова. Айтуынша бұл оқу ордасын 1200 балаға жоспарлап ашып отыр. Білім қабырғасында арнайы пәндерден бөлек қосымша өнерге, спортқа баулитын үйірмелерде қарастырылған. Алдағы уақытта заман талабына сай білім ордасынына бірінші болып лицензия алуды жоспарлап отыр.

Қалыпты талапқа сай жұмыс істеп жүрген балабақшалар лицензиялаудан өтуге қорықпайтынын ерекше атап өтті. 2024 жылдан бастап бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алса, екінші кезеңде қайта мемлекеттік аттестациядан өте алмаған мекемелер өткізілмек. Содан кейін  тәуекелді бағалау дәрежесіне байланысты қалған барлық жұмыс істеп тұрған балабақшалар өтпек.