Шымкентте жол құрылысын жүргізген мердігер компанияларға 58 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Жауапкершілікке тартылған 111 мекеменің ішінде техникалық бақылаушы және авторлық қадағалаушы мекемелер бар. Көбі кепілдік мерзімі бойынша кемшіліктерді уақытында жоймаған, келісім шартта көрсетілген міндетті орындамай, сапаға салғырт қараған. Қазір айыппұлдың 36 миллион теңгеден астамы өндірілді. Ал қалғаны бойынша сотқа талап арыз жолданған. Айта кетейік, биыл қала көшелерінде 190 нысанда 350 шақырымнан астам жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.