Жемқорлықты түп-тамырымен жою – күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, елдің ілгерілеуіне үлкен кедергі келтіретін бұл «кеселмен» күреске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуелден айрықша мән беріп, осы бағыттағы іс-шараларды күшейтуді тапсырған болатын. Семинардың басты мақсаты да сол- сыбайлас жемқорлық секілді әлеуметтік зұлымдықты түбегейлі жою үшін қоғамда парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және кеңінен тарату болды.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты қалыптастырудағы парасаттылық рөлі мен Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары жөнінде маңызды ақпараттармен танысты.Сондай-ақ іс-шара барысында 1424 кері байланыс нөмірі бар ақпараттық буклеттер таратылды.