Бала -  біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Түркістанда жасөспімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың тәрбиесі бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.  Басқосуда Рухани шахардағы жүзеге асырылып жатқан "Абайлаңыз балалар", "Түркістан - қауіпсіз қала" іс шараларының   барысы қаралды.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау жолында полициядан бастап, мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психологтары, ата-аналар комитетінің төрағалары еңбек етуде. Олар оқушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмау үшін алдымен, оқушылардың бос уақытын  тиімді өткізуі керек дейді.  
Басқосуда жасөспірімдердің тәрбиесі басты назарда болды. Қалада түнгі мезгілде жүретін мектеп оқушыларының  мәселесі де айтылды. Облыс орталығында  жыл басынан бері ұйымдастырылған түнгі рейдтер барысында  750 бала көшеде жүргені анықталды. Осыған байланысты жергілікті полицияның  жасөспірімдермен жұмыс жүргізу бөлімі  600-ге жуық бала мен ата-анасына ескерту берген. Қазір  Түркістанда рейдтік жұмыстар күшейтіліп жатыр. 
Жиналыста құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша проблемалы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Ата-аналар мен ұстаздар  тарапынан сұрақтар мен  пікірлер айтылды. Бұндай  алқалы жиындар әр тоқсан сайын өткізілетін болады.