Шым шаһар басшысының  қалаға шалғай орналасқан елді мекендердің  аралауы жалғасуда. Бұл жолы Мұрат Әйтенов жаңадан орнатылып жатқан ирригациялық жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті. 

Соның бірі - Еңбекші аудан аумағына қарайтын Маятас тұрғын алабы. Қазіргі таңда Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда.Жалпы Еңбекші ауданы бойынша Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданында 1,6 шқ құрайтын арықтар қазылуда. Екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айында аяқталады.Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын талап етті. Ол: “Ауа райының қандай болатынын болжап біле алмаймыз және мол жауын-шашын жауғанда дайын болу үшін аумақтағы арыз-атыздар салынып бітуі керек”,-деді.Айтып өтейік, былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шқ ирригациялық арықтар орнатылды. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шқ құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазірге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шқ болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын. Олар: Қарабастау т.а. Бойыт ата, Қаратөбе т.а. Гулабад, Қаратөбе т.а. Наурыз, Тоғыс т.а. Керуенсарай, Бадам-1 т.а. Досметов, Ш.Уалиханов №190, Қызғалдақ,Теріскей №47, Сайрам №38а, Өркен, Б.Момышұлы, Саяжол. Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.
Сонымен қатарШымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қалаға іргелес жатқан Тоғыс тұрғын алабына барып халықпен кездесті, елді мекенде жаңғыртылып жатқан инженерлік инфрақұрылым құрылысын тексерді. Қазіргі таңда мұнда 7500-ге жуық халық тұрады. Мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, спорт және балалар ойын алаңшасы, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қарастырылған. Алайда атқарылуға тиіс біршама жұмыстар бар. Солардың бірі - ұңғыма салу. Бұл өз кезегінде Тоғыс, Айнатас, Елтай елді мекеніндегі 11 мыңға жуық халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды. Тоғыстан 73 метрлік су ұңғымасы қазылып, болат құбырлар салынуда. Айта кетерлігі, бұл су ұңғымасы қосымша ұңғыма ретінде жаз айларында қолдану үшін керек. Қала әкімі тексеру барысында жұмыстың белгіленген мерзімінен кешікпей, сапалы орындалуына күш салуымыз қажет деп, жауапты мекемелерден нәтижелі жұмыс көрсетуін талап етті. Жалпы Тоғыс жұрты ауыз судан тапшылық көрмеген. Қамтылу көрсеткіші 98,5 % құрайды. Сол сияқты электр жарығын тұтынушылар да 99%. Биыл 11 абонентті жарықпен қамту үшін жаңадан бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды. Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші де 98% құрайды, тек жаңақұрылыс аумағындағы 31 тұтынушының мәселесін шешу үшін келесі жылы жобалық сметалық құжаты әзірленеді. Мұндағы жолдарға да аса назар аударылуда. Былтыр 2 көше “Ақмая”мен “Айыршық” орташа жөндеуден өтсе, биыл 4 көшеге асфальт төселді. Жалпы мұнда 18-көше бар. Сонымен қатар осы жылы 2 көше “С.Оспанов” және “Мұнайбарлаушылар” көшесі жарықтандырылды.