Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Ақсукентте кезекті рет бокстан жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының чемпионаты аяқталды. Шаршы алаңға өңіріміздің ең талантты деген жас былғары қолғап шеберлері жиналып, өзара мықтыны анықтады.
Бокстың жазылған өз заңы бар. Төртжылдықтың басты додасы - олимпиада ойындарының шаршы алаңында жеңіске жетіп, есімдері аңыз болып айтылатын қаншама қазақстандық даңқты боксшыларымыз бар. Рингтің тқрінде атой салып, тәуелсіз еліміздің мерейін үстем еткен отандастарымыз жетерлік. Сайрам ауданындағы Ақсукетте өткен жасөспірімдер арасындағы бұл тартысты дода талай талантты жас былғары қолғап шеберлерінің тұсауын кесті. Жекпе-жекке өңіріміздің барлық аудандарынан талантты жас спортшылар қатысты.Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Түркістан облысының №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры Сейтжан Жанысбаев аса тартысты өткен облыс чемпионатының маңыздылығына тоқталды.

Шаршы алаңда тек мықтылар ғана жеңіске жетеді. Рингтің көркін қыздырған бұл жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының чемпионатына 260-тан астам жас боксшылар қатысып, шеберліктерін шыңдады. Жалпы алғанда 15 салмақ бойынша 2007-2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында өзара жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жұдырықтасуда өзінің талантымен танылған Түркістан облысының №5 олимпиада спорт мектебінің шәкірті 66 келі салмақтағы Ерасыл Әшірбай жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, түркістандық болашағы жарқын жас боксшылар 48 келідегі Ұзақбай Ерәділ мен 50 келі салмақта бағы жанған жерлесіміз Жұмабек Азамат та облыс чемпионатының жеңіс шыңын бағындырды.
Сайысты ұйымдастарышылардың айтуынша, бірінші және екінші орын алған боксшылар Жамбыл облысы, Шу қаласында 20-25 қазан аралығында өтетін аймақтық Қазақстан біріншілігіне қатсатын болады. Мұнан соң аймақтық жарыста жүлде алғандар қараша айында Қостанай қаласында өтетін Қазақстан Республикасының ақтық чемпионатында бас қосады деп жоспарлануда.