Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар азаймай тұр. Бұл жолы Бадам өзенінің маңы тоналуда. Оңай олжа тапқысы келгендердің әрекеті жергілікті жұрттың шамына тиді. Аталған мәселені шешу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынға Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов және жауапты мекеме басшылары қатысты.


Тұрғындардың айтуынша жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі 3-4 жылдан бері жалғасып келе жатқан көрінеді. Ол бойынша халық көптеген мекемеге шағымданған, тіпті полицейлердің өзіне жүк көліктерін көрсетіп берсе де ауыр жүк көлік иелеріне шара көрмейді дейді.    

Шағал тас ұрлығының кесірінен өзендер арнасынан тасып ауылдарды қыста су алу қаупі бар. Бұған бей-жай қарап отыруға болмайды. Оқыс жағдайдың алдын алып, тәртіп орнатпасақ болмайды дейді – экология департаменті басшысының міндетін атқарушы.

Мәселен жыл басынан бері Бадам өзен жағалауында өз бетінше пайдаланушылардың 4 факті тіркелген. Оларға дәл қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 334-бабына сәйкес шара қолдануда. Айта өтейік, табиғатқа жанашырлық танытпайтын жер қойнауын пайдаланушыларға құзырлы органдар тарапынан қатаң жаза қолданатының айтады.