Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында 2009 жылы пайдалануға берілген мектеп адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Өйткені аталған нысанның іргесі сөгіліп, қабырғасындағы жарықшақтар ай өткен сайын үлкейіп барады. Мәселені реттеу үшін жергілікті білім бөліміндегілер ғимараттың қауіпті аймағын жауып, оқушыларды қалған корпуста оқыту туралы ұйғарым шығарған. Бірақ ата-ана көңілі алаң.
Сайрам ауданына қарасты Әсіларық ауылындағы №49 жылпы орта мектебі 300 орынға лайықтап салынған. Қазір 500 бала екі ауысымда білім алады. Араға 13 жыл салып оқу ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу күн тәртібіне шықты. Мектеп директоры жабылған корпуста спорт залы мен акт залы, асхана мен оқу кабинеттері барын айтады. Одан бөлек ғимарат ішіндегі әжетхана мен киім ауыстыру бөлмесі де қауіпті аймаққа енген. Сараптама қорытындысына сәйкес мұнда бала оқытуға болмайды.
Мектептің сыртқы қасбеті келіскенімен жылу жүйесі дұрыс жүргізілмен. Сондықтан қыс мезгілінде оқу кабинеттері суық. Қатты отынды қанша жақсақ та жылуға жарымадық,-дейді ұстаздар. Ал ата-ананың көбі балаларын басқа мектепке ауыстырғысы келеді.
Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміндегілер сараптамаға сүйеніп, оқушыларды уақытша өзге мектепке ауыстырмақ болыпты. Бірақ ата-аналар баласын жеті шақырым жердегі көрші ауылға жіберуге қарсы болған.
Шохан Уәлиханов атандағы мектеп құрылысын жүргізген мердігер мекеме кепілдік мерзімін алға тартып отыр. Өйткені білім нысанын қабылдағандар сапасына сын тақпапты. Енді жауаптылар күрделі жөндеуге қаржы бөлінгенін күтуден басқа шара жоқ,-дейді.