Шымкенттегі  жеңіл  атлетика  спорт  кешенінде  Қазақстан  спортиының  дамуына айрықша  үлесін  қосқан ҚР  еңбек  сіңірген  жаттықтырушысы,  көп  жыл облысымыздағы  іргелі  күрес  және  жекпе-жек  спорт  түрлері  мектебін  басқарған Николай Михайлович Ставицкийді  еске  алуға  арналған  республикалық  ашық  турнир  басталды. 

Спорт  сүйер  қауым  жақсы  біледі, Николай Ставицкий көзі  тірісінде  елімізге  танымал  талай  саңлақтарды тәрбиелеп  шығарды. Білікті  спорт  маманы Бейжің  олимпиадасының   қола  жүлдегері  Елена  Шалыгинаны  тәрбиелеп,  төртжылдықтың  басты  додасы  олимпиада  ойындарында  жүлде  алуына  жағдай  жасады. Өңірімізде  күрес  спортының  әлемдік  дейгейде  өркендеуіне  өзінің  үлесін  қосып,  нағыз  спорт  саласының  жанашыры  болды. Оның  дайындаған  балуандары  бірде-бір  олимпиадан  шет  қалған  жоқ. Токио  олимпиадасының  қола  жүлдегері  атанған Софья Берульцова  да осы  спорт  мектебінің  жемісі.  Шымкент  қаласының  спортын  басқарып  отырған  әрі Николай Ставицкийдің  шәкірті Бауыржан  Тұманбаев  республикалық  жарыстың  ашылуы  салтанаты  кезінде  турнирге  лайықты  бағасын  берді. Басқарма  басшысы  бұл  турнирдің  дәстүрлі  түрде  жыл  сайын  өткізелетіндігін  атап  өтті. Сонымен  қатар,  бүгінде  қалалық №15 олимпиада  спорт  мектебіне  жетекшілік  ететін атақты  балуан  болған Ермек Байдуашов  жарысқа Өзбекстан  мен  Қырғызстанның  жас  балуандары  да  қатысып  жатқанын  жеткізді. 

Грек  рим  күресінен КСРО-ның спорт  шебері, Қазақстанның еңбек  сіңірген жаттықтырушысы  Николай Ставицкий қазақстандық балуандардың  халықаралық  аренаға  шығуына  үлесін  қосқаны  белгілі. Спорттағы  үзеңгілес  достары мен әріптестері,  ұстаздары Оңалбай  Аяшев,  Серік Оңғарбаев, даңқты  балуан Дәулет Тұрлыхановты  тәрбиелеген КСРО-ның  еңбек  сіңрген  жаттықтуршысы  Марат Қошаев, көп  жылдар  облыстық  күрес  федерациясын  басқарған  Әбдірахман  Жүнісәлиев, Николай Ставицкийдіңұлы  Александр  Николаевич,Сонымен  бірге, спортта ұстазы  болған  Махамбет  Сапарбаевтың  жары Райса Ахметова  да   турнирге  арнайы  келіп,  өзінің  ақжарма  тілегін айтты.  Боз кілемдегі белдесулердің  іріктеу  сайысында әсіресе, Шымкент  қаласы  мен Алматы облысының  саңлақтары ешкімге  дес  бермеуде. Бас жүлдеге Қырғызстан мен Өзбекстан  балуандары  да  үмітті. Турнирден  кейін Николай Ставицкийді  еске  алуға арналған  жиын  өтті.